Дәрібаева Б.Ж.: «СПОРТТЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»

0
1094
Speaker at Business Conference and Presentation. Audience at the conference hall.

\"\"СПОРТТЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

 

      Спорттық медицина Қазақстанда, дәрігерлік дене шынықтыру бойынша ҚР-ның денсаулық сақтау органдарының қызметі 1925 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесінде дербес сақтандыру саласы бола алған жоқ.  1926-1927 жылдардан бастап спорттық медицина жеке тарау есебінде бөліне бастады және денсаулық сақтау тәннің жалпы, бюджетіне енгізілді. Сол жылдары бес қалада (Қызылорда, Семей, Ақтөбе, Алматы, Орал) антропометрикалық кабинеттер ашылды.

\"\"

СПОРТТЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

      Спорттық медицина Қазақстанда, дәрігерлік дене шынықтыру бойынша ҚР-ның денсаулық сақтау органдарының қызметі 1925 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесінде дербес сақтандыру саласы бола алған жоқ.  1926-1927 жылдардан бастап спорттық медицина жеке тарау есебінде бөліне бастады және денсаулық сақтау тәннің жалпы, бюджетіне енгізілді. Сол жылдары бес қалада (Қызылорда, Семей, Ақтөбе, Алматы, Орал) антропометрикалық кабинеттер ашылды.

      1927 жылы Қызылордада бірінші Бүкіл Қазақстандық өлкелік мәжіліс болып, ол дене тәрбиесі бойынша тәжірибе алмасудың бастамасына айналды. «Дене тәрбиесі қозғалысының жағдайы және алдағы міндеттері» тақырыбындағы бағдарламалық баяндамада өсіп келе жатқан организм үшін маңызды екендігі атап көрсетілді және дәрігерлік дене шынықтыру жұмыстарын күшейту, спорттық дәрігерлердің біліктілігін көтеру, губерниялық денсаулық сақтау басқармаларында ғана емес, сондай-ақ барлық үздік қалаларда, жұмысшы орталықтары мен ірі дәрігерлік ауруханалардың жанында дәрігерлік бақылау кабинеттері желісін дамыту үшін денсаулық сақтау жүйесін қаржылауды көбейту туралы шешім қабылданды.

      Қазіргі заманда жоғары дәрежедегі спортта, соның ішінде, дүбірлі жарыстарда, қарапайым «білектің күшімен» қарсыластарыңды ұту мүмкін емес. Заманауи технологиялар спортқа да баяғыда жеткен.    Спорттық медицина – соның бір дәлелі.

Спорттық медицинаның басты мақсаттарының бірі:

  • Спортылардың денсаулығын үнемі бақылауда ұстау
  • Спортшының спорттық жарақаттарының алдын алу, диагностикалау, емдеу
  • Спортшының жасына, жынысына, денсаулығына қарай қосымша күш беру
  • Спортпен айналысу барысында спортшының денсаулығына нұқсан келтіретін жағымсыз әсерлердің алдын алу
  • Спортшының функционалдық жағдайын қадағалау
  • Спортшының спорттық жарақаттардан кейінгі қалыпты нормаға келуін, рационалды тамақтануын қадағалау

Осы процестің барлығын медициналық дәрігер өз бақылауында ұстайды.

      Жас буынның денсаулығы мықты болуы үшін дәрігердің, жаттықтырушының, ата-аналардың бірігіп күш жұмсауының маңызы аса зор. Дәрігер мен жаттықтырушы бірлесе отырып қызмет істегенде ғана спортшыға жаттығу кезінде түсетін күшті дұрыс мөлшерлеуге болады.

 Спортшы жаттығулар кезінде жарақаттар алмай тұрмайды. Спорттық медицинаның ең үлкен салаларының бірі – «спорттық жарақаттарды емдеу». Спорттық жарақаттарды емдеу үшін алдымен оның этиологиясын, ерекшеліктерін, болу себептерін зерттеп барып спотшыны емдейді.

      Барлық спортшылар мен дене шынықтыру мен шұғылданушыларды диспансерлік есепке алу, кең көлемдегі мәдени-бұқаралық және ағарту жұмыстары оның тікелей қызметіне байланысты. Тұрақты дәрігерлік бақылау барысында Республикалық диспансер диагностикалық және емдеу жәрдемін көрсетед, оқу-әдістемелік материалдарды дайындап, оларды өмірге енгізеді, мамандардың біліктілігін көтеруді жүзеге асыруды, дәрігерлік бақылау, допингті бақылау, спортшылардың арнаулы тамағы, оларды қалыпқа келтіру және тағы басқа мәселелер жөніндегі ғылыми зерттеулерді орындауға қатысады. Республикалық диспансер 2002 жылы спорттық медицина мен қалыпқа келтірудің республикалық орталығы болып қайта құрылды. 

      Тақырыптың өзектілігі: ҚР-ның әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастыра дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда.     Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламасында, ҚР-ның «Білім туралы» заңында, «ҚР-сы Білім және Ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

      Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық,экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір қасиеті мен әл ауқатын арттыра  алмаймыз», деген болатын.

      Дене шынықтыру адам денсаулығын нығайтып, күш жігерін арттыруға, қозғалыс белсенділігін жетілдіру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланылатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы. Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «дене мәдениетіне жеңіл қарауға болмайды, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене жанның қабы. Қап болса ішіндегі зат та берік болмақ. Дене жанның құралы. Құрал мықты болса, иесі де мықты болады» деп пайымдаған.

      Бүкіл Қазақстан Республикасында арнайы мамандандырылған  өте білікті дәрігерлердің аз немесе жоқ болуына байланысты, арнайы технологиялардың жетіспеуіне байланысты біздің спортшыларымыз шет елдерге барып емделуге мәжбүр. Арнайы диспансерлер болса да олар Алматы мен Астанада ғана бар,  ал өңіріміздің басқа қала, облыстарында неге ашпасқа? Ал небір керемет  мықты спортшылар ауылдан шығады.Ауылдарда спорттық секциялар болғанымен онда барлық жағдай жасалынбаған.Мысалыға:

-судың жоқтығы;

-залдың тар болуы;

-тренажорлардың жеткіліксіздігі;

-канализация жүйесінің жоқтығы.

      Жаттықтырушы болғанымен білікті дәрігер жоқ. Және де айлық жалақысының өте аз болуына байланысты дәрігерлер бара қоймайды. Ауылдарда мейірбикелер ғана жұмыс жасайды және бір ғана штат бөлінеді. Жалғыз жаттықтырушы 30-40 баланың барлығының денсаулығын бір мезетте қадағалай алмайды. Кішкентай балалар жаттығулар барысында жарақаттар алып қалады. Сол жарақаттың әсерінен енді қайтып спортқа беттемей қалады.Себебі, оны жұбатып, «Сен жазылып кетесің», «Сен мықтысың», «Сен болашақ еліміздің олимпиада чемпионысың» деп көңілдеріне жұбаныш сезімін ұялататын психологтардың жоқтығы.

Дәрібаева Б.Ж.

 

Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сырдария» кәсіпқой көгалдағы хоккей спорттық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны