Декембаева Н.Қ.: «СПОРТ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУҒА ҚАТЫНАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ»

0
991

\"\"Аннотация. Мақалада спорт колледжі студенттерінің негізгі іс әрекеті спорттық жаттығулар мен жарыстағы жетістіктерге қоса, олардың оқуға деген қатынасын жақсарту жолдары қарастырылады. Спортпен айналысатындардың оқуға белсенділігігінің жоғары болмайтындығын ескере отырып, оларға жетістікке жетудің бір жолы ретінде оқуға позитивті қатынас құрудың жолдары танымдық сфераны кеңейтуге байланысты мұғалімнің кәсіби іс әрекеті арқылы жүзеге асыруға болатындығы көрсетіледі. 

\"\"СПОРТ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУҒА ҚАТЫНАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Спорттық іс әрекет пен оқу іс әрекетінің арасында өзара байланыс бар. Спорт колледжінің оқушылары өмірлік таңдаулары негізінде жарыстарда жеңіске жету мақсатын алға қояды. Дегенмен, оқу үрдісі де маңызды орыннан түспеу қажет. Осы орайда білім беру жүйесі дұрыс жолға қойылу керек. Ең алдымен, спорттық жеңісті алға мінде етіп қойған жас спортшының оқуға деген қатынасын өзгерту маңызды бола түспек.

Ең алдымен, колледж оқушылары белгілі бір спорттың түріне орай күнделікті жаттығу әрекеттеріне бөлінген уақыттарын тиімді пайдалануды басшылыққа алу керек. Оқуға бөлінген уақыт сабақ үрдісі спортшылар үшін білімін жетілдірудің, оқуға белсенділігін арттырудың, оқуға қызығушылығын тудырудың бірден бір жолы.

Олай болса, болашақ спортшылардың оқуға позитивті қатынасын қалыптастыру мұғалімнің іс әрекетіне жүктеледі. Спорттық жетістіктерге жету жоғары білімділікті талап етеді. Сондықтан оқушыларға пән бойынша берілетін білімдерді олардың оқуға белсенділігін арттыра отырып, оқуға қызығушылығын арттыра отырып ұйымдастыру керек.

Колледж балаларының оқуға қатынасын жақсартудың бірден бір жолы оларға әсер ете білу, білім арқылы жетістікке жете алатындығына көз жеткізу, оқу үрдісін тартымды етіп ұйымдастыру, мұғалімнің оқушылармен қатынасы кәсіби педагогикалық бағдарлануына үйлестіріп отыру болып табылады.

Сабақты мұғалім (оқытушы) позициясынан қарастырайық, егер оқытушы өз пәнін сүйетін болса, өзінің ісіне жоғары жауапкершілікті сезінсе, қоғамдағы жастардың білімін жетілдіруді мақсат етіп қойса, спортпен айналыстан оқушыларды пәніне деген қызығушылығын арттырып, балаларды баулап ала алды. Ал бұл баланың оқуға қатынасын өзгертеді.

Мұғалім сабақ үстінде әр жеке оқушымен, тұтастай сыныппен, оқытылып отырған материалмен саналуан байланыстарға түседі. Осыған орай, мұғалімнің өзі, мазмұнын оқушылар игеріп отырған оқу пәнімен белгілі бір байланысқа түсе отырып, оқушылар үшін жаңа сапа мен қасиеттер жағынан көрінеді. Яғни мұғалім ретінде (жаңа материалды түсіндіру барысында), қызықты әңгімелесуші ретінде (коммуникативті жағдайды, қарым-қатынас жағдайын ұйымдастырғанда), зерттеуші ретінде (оқушылармен бірге тапсырманы орындаған кезде), орындаушы ретінде оқу үрдісін басқаруда спортпен айналысатын оқушылардың оқуға қатынасын позитивті жүйеге құра алады.

«Тәрбие беру де, білім беру де ажыратылмайды, — деп Л.Н. Толстой еркше атап өткен. Білім бермей тәрбие беруге болмайды, ал кез-келген білімнің тәрбиелеуші әсері бар». Сондықтан спорт саласындағы теориялық білімдер арқылы да тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға болады. Нағыз спортшыларға тән қасиеттер төзімділік, шыдамдылық, табандылық, ерлік, тоқтамға келгіштік, ұстамдылық сияқты сапаларды оқу үрдісінде тиек ете отырып, білім алушылардың оқуға қатынасын да дұрыс жолға қоюға болады.  

Ағарту саласындағы қызметкерлерден тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік талап етіледі. Себебі, мемлекеттің қарқынды әлеуметтік дамуы сол мемлекет азаматтарының шығармашылық және адамгершілік потенциалының өсімінсіз, олардың белсенділігінің жаңашылдық қабілеттерінің дамуынсыз болуы мүмкін емес. Сондықтан, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде колледж студенттерінің оқуға қатынасын жақсарту үшін қоғамдағы жаңа жетістіктерді пайдалана отырып, саяси экономикалық ілімдердегі жаңашылдылықты оқу пәндерінің тақырыптарына орай байланыстырып отыру керектігін туындайды. 

Оқу-тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін, олардың психикалық даму деңгейін есепке алып, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушылардың нені біледі және нені меңгергені туралы анықтамалар негізінде меңгерілетін оқу материалы қандай дәрежеде оқушының жетістіктері бола алатындығын есепке ала отырып,  оқу материалын оқушы қабілетінің, ойлауының, сенімінің ары қарай дамуына әсер ете алатындай ұйымдастырылса да колледж оқушыларының оқуға қатынасын позитивті тұрғыда өзгертуге мүмкіншілік арта түседі.

Мұғалім оқу-тәрбиелеу жұмысындағы әртүрлі қиындықтардың себебін өз уақытында анықтап, оқушылардың интеллектік және жеке тұлғалық дамуындағы өзгешеліктерді айқындап, дау-дамай жағдайларды шешуде психологиялық көмек көрсету мүмкіндіктеріне ие бола алу оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыруға себепші болады. 

   Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын. Адамның белсенділігінің таиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті.
спорт колледжі студенттерінің спорттық жетістіктерге жету барысында, олардың одан әрі жетістікке жетуге деген белсендіоіг, спорттық әрекеттердің тиімді тәсілдері туралы танымдық белсенділігі артады. Осының нәтижесінде де балалардың оқуға қатынасы жақсатарды деп білеміз. Балалардың спорттық әрекеттерді құмартып, тиімді орындай білуге талаптануы таным ынтасын қалыптастыруға да өз ықпалын тигізеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.

Сонымен, спортта тұлғаға комплексті гуманистикалық әсер етудің үлкен мүмкіндіктері бар. Спорт саналы, мақсатты және эффектитвті адамның физикалық, психикалық, рухани қасиеттерімен мүмкіндіктеріне, оның мәдениетін құруға мүмкіндіктер береді.

Осыған байланысты, адамның өз мүмкіндіктері жайлы нақты бағыттылықты түсіну маңызды болып табылады. Біздің ойымызша, спортшылар өз мүмкіндіктері бойынша жеңіске жетуді мақсат етіп қоятындай, оқуға деген тұрақтылықты да игеру мүмкіндігі зор. 

Оқу — тәрбие үдерісін дамытудың маңызды шарты студенттерді белсенділікке жетелей білуі. А.В.Суворов «Жеңу ғылымы» деген кітабында — «Әр жауынгер өз айласын білуі қажет» — деген сөзі қазіргі заманда да өз күйін жоймаған, дұрыс шешім қабылдауын, өзінің ойлауын, қиын жағдайда дұрыс шешімге келуін болжайды. Олай болса, мұғалім спортшыға тек кана дайын білім беріп қоймай, алған білімін пайдалана білуін үйрету керек. Студенттерді ойлануға үйрету дегеніміз біріншіден студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік ұстамында өнегелілікті сенімдер ерекше рөл атқарады. Өнегелілікті сенімдер — объективті шындықтың субъективті бейнеленуі, қоғамдық — тарихи тәжірбиенің меңгерілу нәтижесі. Қоғам тарихы, коғамдық тәжірибе дамуы барысында адамдар жинақталған білімдерді меңгереді. Білім адам үшін субъективтік, адам қоғамдық мәндік мағынаға ие болса, онда ол жеке сананың бөлігіне айналады.

Колледжде балалардың мұғалімге сенімі, сүйіспеншілігі зор, сондықтан, олар өз ойларын ортаға салуға ұмтылады. Оқу үрдісінде спортшылар оқу мазмұнына сәйкес танымдық әңгіме жүргізу мүмкіншілігі де болады, әңгіме барысында мұғалім баланың ішкі жан дүниесіне құрметпен қарап, біржақтылықтан, әдепсіздіктен сақтана отырып, әңгіменің тақырыбын балалардың жас ерекшелігіне, оқушылардың спорттық әрекет түрлеріне орай құрылса, оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығы да арта түседі.

 

Декембаева Н.Қ.

 

Алматы қаласы, Республикалық спорт колледжі,